Адрес редакции: г. Астана, ул. Сейфуллина, 1, НП-1, тел.: 8 702 411 38 28
Заманауи Қазақстандағы жастар денсаулық орталықтарының дамуыБҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі «тұрақты даму мақсаттары»концепциясының 17 даму бағыттарының бірі- денсаулықты күту. Статистика бойынша Қазақстанның 19 млн халқының жартысы жастар. Олардың саны күн сайын өсіп те келеді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев негізгі тұғырлық құндылығы әлеуметтік әділдік болып белгіленген Жаңа Қазақстанды құру туралы бағытты бойынша мемлекет пен қоғам қатынасының жаңа формаларын қалыптастыруда жеке әлеуметтік топ ретінде жастардың алатын орны айқын көрсеткен. Жастар-өздерінің ауруын сезінбейді және медициналық көмекке жүгінудің қажеттіліктері мен білімі мен дағдылары қалыптаспаған әлеуметтік тобы. Сәйкесінше, репродуктивті және жыныстық денсаулық тақырыптарының жабық болуы, жастардың медициналық көмекке кеш жүгінуіне әкеп соғады. Медициналық ұйым ретінде бұл жастар денсаулық орталығының қызметі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі және «Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың ұрпақты болу және психикалық денсаулығын қорғау бойынша Медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Қазақстанда 2006 жылдан бері Денсаулық сақтау министрлігіның қолдауымен халықаралық ұйыммен бірлесе отырып жастар денсаулық орталығы ұйымдастырылды. Жастар денсаулық орталығы анонимдік, құпиялылық және сенімділік принциптеріне негізделген. Сондай-ақ еліміздегі жасөспірімдер денсаулығына қатысты жобаларға халықаралық ұйымдар да қолдау білдіріп отыр. Халықаралық ұйымдар жастардың денсаулық мәселелерін толық зерттеп отырады. «Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНФПА) қоры Министрлік пен ЮНФПА арасындағы техникалық көмек туралы келісім шеңберінде жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті және психологиялық денсаулығы проблемалары бойынша клиникалық хаттамалар мен консультация беру алгоритмдерін әзірлеген. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде 2023 жылға қорытындысы бойынша республикада жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық және психоәлеуметтік қызмет көрсететін 141 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Еліміздің заңнамасына сәйкес балаларға да (0-18 жас), жасөспірімдік жастағы тұлғалар (10-19 жас) жастарға да (14-29 жас) жатқызылады. Бұл кезең орасан зор мүмкіндіктер және өсу-жетілу, күш-қуат және шығармашылық тұрғысынан шексіз дерлік әлеует береді. 2023 жылғы денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес жастар денсаулық орталығы 90% қалалық немесе облыстық елді мекенде орналасқан. Жастар денсаулық орталығына келушілергеміндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл өз барысында медициналық сақтандыруы жоқ жастардың осы денсаулық орталығының негізгі қызмет түрлерін алуға қолжетімділігін шектейді. Жастар денсаулық орталықтары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың ұрпақты болу және психикалық денсаулығын сақтау жөнінде медициналық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығы облыс орталықтарындағы, қалалардағы, республикалық маңызы бар қалаларда ұйымдастырылады. Орталық амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының, өзге де медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Денсаулық орталығы жеке ғимаратта орналастырылады немесе пациенттердің (келушілердің) басқа ағындарымен қиылыспайтын, сондай-ақ мүгедектер мен халықтың басқа да мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімді жеке кіретін есігі болады. Денсаулық орталығы жастарға достық қызмет көрсетеді және жасөспірімдер мен жастарға дәрігерге дейінгі және мамандандырылған медициналық көмек түрінде емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Бұл орталықтың негізгі мақсаттары репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау, жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру болып табылады. Денсаулық орталығы медициналық көмек көрсету, зертханалық диагностика, денсаулықты сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Денсаулық орталығы жасөспірімдер мен жастарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамасы бойынша да, яғни жеке тұлғаның (пациенттің) өз бастамасы бойынша жолдамасыз жүзеге асырылады. Жасөспірімдер мен жастарға денсаулық орталығында медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік (әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік – құқықтық) қызметтер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер кешенді медициналық қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін хабардар ету денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ олардың келісімін талап ететін жағдайларда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Жасөспірімдермен және жастармен жұмыс кезінде волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады. Қатыгездік пен зорлық-зомбылық белгілері анықталған кезде ішкі істер органдарына жәбірленушілердің қарым-қатынасы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы хабарланады. Әлеуметтік және өзге де көмек қажет болған жағдайда мәліметтер басқа секторлар мен ведомстволардың (білім беру, әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар және басқалар) өкілдеріне беріледі. Денсаулық орталығы жасөспірімдер мен жастарға арналған мамандардың телефон («жедел желі», «сенім телефоны») және басқа да байланыс құралдары (қазіргі заманғы цифрлық және мобильді технологияларды қолдана отырып) арқылы салауатты өмір салты, репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау, психологиялық салауаттылық мәселелері бойынша консультацияларын ұйымдастырады. Сонымен қатар электрондық ақпараттық ресурстарды, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық жүйелерін пайдаланады, сондай-ақ жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтай отырып, электрондық денсаулық сақтау қызметтерін ұсынады. Әлемдік тәжірбиелерге сүйенсек Швецияда жастардың денсаулық тәрбиесі мектеп жасынан оқу бағдарламаларына енгізілген. Олар адам анатомиясынан адам құқығына дейін кең спектрді қамтиды. Оңтүстік Корея елінде цифрлі технологияларды қолдана отырып онлайн – платформалар арқылы жастардың ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы ақпараттар беріледі. Елімізде жастар денсаулығының профилактикасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастар денсаулық орталықтары ерекше рөл атқарады. Статистикалық деректерге сүйенсек 2024 жылдың басында республика жастарының саны – 5 759 781 адам құрайды. Жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік проблемалары, олардың сырқаттану деңгейі, деванты мінез-құлық пен зиянды әдеттерді зерделеу мемлекеттің экономикалық өсуіне, әлеуметтік кепілдіктер мен қалыптасқан шаралар жүйесі өскелең ұрпақтың толыққанды дамуын және оның денсаулығын қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. Бұл жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау саласындағы барлық шаралар жүйесін оңтайландыру қажеттігін көрсетеді. Жастардың дамуының қазіргі еліміздің жаһандану процесінде жас ұрпақтың денсаулығына жаңа қауіптер мен сын-қатерлерді анықтады. Елімізде менталдық және репродуктивті денсаулық, буллинг, лудомания, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі мәселелері өзекті болды. Нәтижесінде жастар денсаулығына әсер ететін жаңа проблемаларға тап болады. Аурудың алдын алу және ұлттың денсаулығын сақтаудың негізгі болып табылады. Жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу оның алдын алу маңызды көрсеткіш екені белгілі. АИТВ-инфекциясына тегін тестілеу, сондай-ақ Қазақстанда іске асырылып жатқан денсаулық сақтаудың базалық қызметтерінің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын тіркеудің өсуіне жастар денсаулық орталықтарыда өз үлесін қосуда. Жастар денсаулық орталығын ұйымдастыру мен танымалдылығына да бірнеше факторлар маңызды: біріншіден қызметтердің өзектілігі: жастар денсаулығы орталығы жастар үшін өзекті және қызықты қызметтерді ұсынуы керек. Бұған тамақтану, физикалық белсенділік, отбасын жоспарлау, жыныстық денсаулық және т.б. бойынша кеңес беру кіруі мүмкін. Екіншіден кәсіби қызметкерлер: жастармен жұмыс тәжірибесі бар және оның ерекшеліктерін түсінетін білікті мамандардың болуы маңызды. Бұл дәрігерлер, психологтар, тамақтану бойынша кеңесшілер және басқа мамандар болуы мүмкін. Үшіншіден тартымды атмосфера: жастар денсаулығы орталығы жастардың мүдделері мен қалауына сәйкес жасалуы керек. Бұл жарқын және заманауи ортаны, жаңа технологияларды пайдалануды және интернет арқылы ақпаратқа қол жеткізуді қамтуы мүмкін. Төртіншіден білім беру бағдарламалары: жастар денсаулығы орталығы жастарға салауатты өмір салты, аурудың алдын алу және т.б. Туралы ақпарат алуға көмектесетін түрлі білім беру бағдарламалары мен іс-шараларын ұсына алады. Бұл дәрістер, семинарлар, тренингтер және т.б. Бесіншіден, басқа ұйымдармен серіктестік: мектептер, университеттер, спорт клубтары және жастар орталықтары сияқты басқа ұйымдармен ынтымақтастық денсаулық орталығына көбірек жастарды тартуға көмектеседі. Бұл бірлескен іс-шараларды өткізуді, ақпарат пен ресурстармен бөлісуді қамтуы мүмкін. Жастар денсаулығы орталығы мен оның қызметтері туралы хабарларды арттыру үшін маркетингтік және жарнамалық кампаниялар жүргізу маңызды. Бұған әлеуметтік медианы пайдалану, веб-сайт құру, ақпараттық материалдарды тарату және жастар іс-шараларына қатысу кіруі мүмкін. Қорыта айтқанда, жастардың денсаулық орталығы қазіргі қоғам талабы тұрғысында өзінің маңыздылығымен, көкейкестілігімен құнды. Олай болса, ұсынылып отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның көптеген салаларын қамтып шығу мүмкін емес және ол денсаулық орталығын ұйымдастыру мен болашақ жастардың денсаулығын сақтау мәселесін одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі заманғы жастар денсаулық орталығына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық орталықтарына жаңашылдық керек.
А.С. Утебаева, Астана қаласы ШЖҚ МКК қалалық 4 емхана «Рауан» жастар денсаулық орталығының үйлестірушісі
|
|