Адрес редакции: г. Астана, ул. Сейфуллина, 1, НП-1, тел.: 8 702 411 38 28
АИТВ туралы не білу керек?Негізгі себеп - АИТВ-инфекциясының берілу жолдарын білмеу және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстанбау. АИТВ-инфекциясын жұқтырудың үш негізгі жолы бар, оны кез келген жас жігіт пен жасөспірім білуі керек: – қорғалмаған (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас;
Бірақ АИТВ инфекциясы қол алысу, ортақ ыдыстарды, дәретхананы, сүлгіні пайдалану, жәндіктердің шағуы, сүйісу және құшақтау арқылы берілмейтінін білу қажет. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясы проблемасы тек медициналық емес, өйткені бұл біздің мінез-құлқымызға тікелей байланысты. АИТВ-инфекциясын болдырмауға қатысты ең тиімді профилактика мінез-құлықты қауіпті нысандардан қауіпсіздікке жүйелі түрде өзгерту бағдарламалары болып табылады. Есірткі қабылдамау, жыныстық өмірдің ерте бастамау, бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа түспеу, әр жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану, күмәнді татуировкалар мен пирсинг салондарына бармау – осының барлығы жастардың өміріндегі басты қағида болуы тиіс. АИТВ жұқтырған адам сыртқы белгілері бойынша сау адамнан ерекшеленбейді. АИТВ инфекциясын бар не жоқ екендігін тест тапсыру арқылы білуге болады. Тестілеу кезінде инфекциядан кейінгі алғашқы 3 апта ішінде қанда АИТВ-ға антиденелердің болуы анықталмаған кезде «терезе» кезеңін есте ұстаған жөн. АИТВ-ға тексеруді АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Есенберлин көшесі, 5/1, Брусиловский көшесі, 4, мекенжайы бойынша немесе Астана қаласының кез келген емдеу-профилактикалық мекемесінде тексеруге болады.
С.Т. Нұрғалиева, Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК эпидемиологтың көмекшісі |
|