Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Адрес редакции: г. Астана, ул. Сейфуллина, 1, НП-1, тел.: 8 702 411 38 28

Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
 
Объявление

Предлагаем Вам разместить рекламную информацию в научно-популярной газете

«Медицина для Вас».

Индивидуальный подход к каждому рекламодателю!

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

ЖИТС және мигранттар

АИТВ жағдайларыбарлық елдерде тіркелген. Вирустың таралуына кедейлік, денсаулықсақтау жүйесініңәлсіздігі, алдын алу және емдеу ресурстарының шектеулігісебеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, әлемдегі миллиондаған адамдар көшіп-қонып өмір сүреді, өз азаматтығынан тыс жерлерде жұмыс істейді.

Мигранттарда әрдайым денсаулығының нашарлау қаупі бар, соның ішінде АИТВ жұқпасы. Бұл қаржының жетіспеушілігіне, қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайларына, медициналық қызметтерге қол жетімділіктің төмендеуі және болмауына байланысты. Бұдан басқа, отбасынан бөлініп кетуі, бұрынғы әлеуметтік мәселелер мен дәстүрлерден өзін еркін сезінуі, жыныстық қатынаста серіктесінің тұрақсыздығы да АИТВ жұқпасының таралуынасебеп болады.

Медициналық және әлеуметтік қызметтер мигранттарға көмектесуге дайын, бірақ оларға осы контингентпен байланыс орнату қиын. Көбінесе, мигранттар топтастырылып оқшауланған ортада өмір сүреді. Оларды АИТВ-ның алдын алу шараларымен қамтамасыз ету үшін, олардың жұмыс жұмыс уақытын және ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескеріп, арнайы тәсілдерді қарастыру қажет.

Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚМ мигранттар арасында денсаулықты сақтау, АИТВ таралу қаупін төмендету мен жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша санитарлық-алдын алу жұмыстарын жиі жүргізуде.

Орталық қызметкерлері мигранттардың жұмыс орындарына, кәсіпорындарға, құрылыс алаңдарына, жатақханаларға шығып «Еңбек саласындағы АИТВ жұкпасының өзектілігі» тақырыбында семинарлар мен дәрістер ұйымдастырады. Ақпараттық-оқуқұралдары мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылады. Жұмыс мигранттарының АИТВ жұқпасының жеке алдын алу құралдарына қол жетімділігі қамтамасыздандырылған.

Астанада еңбек мигранттары көбінесе құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Жыл сайын 350-400-ге жуық мигранттар жақын шетелден – Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден келеді, олардың ішінде «АИТВ-жұқпасы» 12% дейін тіркеледі.

Астана қаласында мигранттарды қолдау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасайды, олар медициналық және заң қызметтерін көрсетеді.

Әрбір мигрант өз денсаулығына, отбасы мен достарының денсаулығына қамқорлық көрсетуі керек.

Орталығымызда АИТВ жұқпасына тексерілутегін, қосымша ақпаратты біздің мекен-жайымыздан: І. Есенберлин көшесі, 5/1, немесе Сенім телефоны: 38-04-64 арқылы біле аласыздар.

 

Астана қаласы әкімдігінің

«АИТВ-инфекциясының

алдын алу орталығы» МКҚК,

дәрігер-эпидемиолог

Д.Т. Бексултанова

 
 
 
Пожаловаться на сайт