Адрес редакции: г. Астана, ул. Сейфуллина, 1, НП-1, тел.: 8 702 411 38 28

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Объявление

Предлагаем Вам разместить рекламную информацию в научно-популярной газете

«Медицина для Вас».

Индивидуальный подход к каждому рекламодателю!

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

АИТВ/ЖИТС жасөспірімдер арасында алдын-алу

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – адамның иммундық жүйесінің жасушаларын жұқтыратын, олардың қызметін бұзатын немесе әлсірететін ретровирус.

Инфекцияның алғашқы кезеңдерінде адамда оның белгілері байқалмайды. Егер АИТВ-мен емдеу жүргізілмесе, ол әрдайым иммундық жүйені әлсіретеді. Нәтижесінде дене әдетте сау адамдарға әсер етпейтін бір немесе бірнеше өмірге қауіп төндіретін ауруларға осал болады. АИТВ-инфекциясының бұл кезеңі ЖИТС деп аталады. Иммундық жүйе неғұрлым көп зақымдалса, оппортунистік инфекциялардың салдарынан өлім қаупі соғұрлым жоғары болады. Емделмеген жағдайда АИТВ-ның ЖИТС сатысында даму уақыты әдетте 8-10 жылды құрайды.

АИТВ үш жолмен беріледі, олар: сақталмаған жыныстық қатынас, ең алдымен, жұқтырған серіктеспен сақталмаған вагинальды немесе анальды жыныстық қатынас нәтижесінде, ластанған қанмен байланыс және АИТВ жұқтырған анадан оның баласына, жүктілік, босану кезінде немесе емізу нәтижесінде жұғуы.

Бұл індеттің жасөспірімдер арасында алдын-алуға болады, егер алдын-алу шараларын уақытылы, сапалы қолданатын болса.

Алдын алудың бірнеше формалары мен әдістері бар, атап кететін болсақ: дәрістер жүргізу (мәселе туралы ауызша ақпараттың қысқаша, тұтас, логикалық ұйғарымы), әңгіме (сұрақ-жауап әдісі негізінде диалог түрінде ақпаратты ұсыну), өздігінен ақпаратты іздеп оқу, аудио-визуалды құралдарды пайдалану, көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, диаграммалар), топтық талқылау (пікірталастар), пікір алмасу, семинарлар өткізу (мәселені талқылау, ақпараттық хабарламалар, топтық тапсырмалар, ойындар, қатысушылардың мәселе туралы ойлануына және оған деген көзқарасын қалыптастыруына жағдай жасауға мүмкіндік береді), дағдыларды дамыту тренингі (мәселені тереңірек зерттеуді, оның алдын алу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруды және пысықтауды көздейтін топпен жұмыс істеудің әлеуметтік-психологиялық әдістерін пайдалана отырып жүргізілетін топтық сабақ), акция (адамдардың назарын мәселеге аудару және қажетті минималды ақпаратты қолжетімді түрде жеткізу мақсатында өткізілетін бұқаралық іс-шара), ақпараттық материалдар мен сақтандыру құралдарын тарату (брошюралар, буклеттер және т.б.) және тағы басқалары.

АИТВ-ның алдын алу бағдарламаларының сәтті болуы үшін бір немесе бірнеше жеке шаралармен шектелмей, барлық белгілі тиімді тәсілдерді қолдану қажет.

 

«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

«Жас Толқын» ЖДО,

гинеколог-дәрігері,

Д. Түсіпбекова

 
 
 
Пожаловаться на сайт